Теорияны тәжірибе жүзінде жүзеге асырды

Жоғарыда біз мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту  бойынша курсының  барысы жайында айтқан едік. Біздің тыңдаушыларымыз алдағы уақытта алған теориялық білімін курстың соңғы аптасында практикалық тәжірибемен  сомдап жатыр. Бұл жолы біліктілікті арттыру шарасының басты бағыты ұлттық нақыштағы сюжеттік-рөлдік ойындарға бағытталған еді. Осыған орай курс оқытушысы С.Д. Нұрғалиеваның ұйымдастыруымен тыңдаушылар, республикалық деңгейде «Ұлттық тәрбие көрсету» бойынша үздік бала-бақша деген атаққа ие болған, Павлодар қаласының №6 мектепке дейінгі мекемесіде көшпелі тәжірибелік сабақта  болып, тәжірибе алмасып келді. Тыңдаушылар заттық дамыту ортасымен танысып, сюжеттік-рөлдік ойындарды өткізу әдісін игерді. Мектепке дейінгі гимназия басшысы Кожабаева Ләззат Мырзабаевна ұлттық педагогика негізінде құрастырылған авторлық бағдарламасының нәтижесін іс жүзінде көрсетті. Тыңдаушылар тәжірибелік іскерліктерін жоғары бағалап, оқу тәрбие жұмысында гимназияның тәжірибесін қолданып, ұлттық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға кең пайдалану мақсатын алдарына қойды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар