Рухани байлық – тәрбиеде

«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы СҚО және Маңғыстау облысы бойынша филиалдарының тәлімгерлік-серіктестік өзара іс-қимылы жоспары бойынша жұмыстары жалғасуда.

Бүгін, 26 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтында «Рухани байлық – тәрбиеде» тақырыбы бойынша педагогикалық ұжымда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету бағытында шебер сағаты өткізілді.

Аталмыш шараның жетекші спикерлері Петропавл қ. «Балауса» балабақшасының әдіскері Айнур Даниярова мен Ақтау қ. №46  «Балбұлақ» балабақшасының әдіскері Кобланова Алима Реджеповна өзінің тәжірибелерімен екі облыстың мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерімен бөлісті.

Шебер сағатына мектепке дейінгі ұйымдардың 214 педагогы, оның ішінде Маңғыстау облысының мектепке дейінгі ұйымдарының 107 педагогы қатысты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар