«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы жала жабу туралы сот ісін жеңіп алды

2022 жылдың қантарында Қазақ білім беру сарапшылары лигасының президенті Гүлнара Әбішева өзінің Facebook парақшасында Өрлеу жұмысы туралы жалған деректерге толы жазбаны жариялады.

Жазбада Өрлеу, оның қызметкерлері, сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтер келтірілді.

Гүлнара Әбішеваның «әшкерелеуші» тирадасы Өрлеу жұмыс шарттары мен кадр саясаты тақырыптарын қозғады. Автордың айыптаулары дәлелдермен  расталмаған, сондықтан келтірілген мәліметтер шындыққа жанаспайды

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес кез келген азамат өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы екені баршаға мәлім. Сол себепті Өрлеу сотқа жүгінді, сот талап арызымызды қанағаттандырды.

Сот шешіміне сәйкес, Гүлнар Әбішева жарияланымында атаған мәліметтерді жоққа шығарып, Facebook парақшасында жеке жазбада кешірім сұрауға міндетті.

Достар, біз қарым-қатынас жасауға әрдайым дайын екенімізді және сындарлы сынға дайын екенімізді көпшілігіңіз біледі. Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін шынымен де өте маңызды, біз кері байланысқа көп көңіл бөлеміз. Бұның бәрі бізге жұмысымызды одан әрі жақсартуға көмектеседі. Көбінесе кейбір тұлғалар «лайк» жинап, оның салдары туралы мүлдем ойланбай-ақ өздерінің субъективті пікірлерін көпшілікке жиі білдіріп жатады.

Біз беделімізді биік ұстап, 85 жыл бойы мұғалімдердің біліктілігін арттырумен айналысып жатқан ұйымның атына кір келтіруге жол бермейміз. Өрлеудің беделін түсіргісі келетін тұлғалар заңнамаға сәйкес жазаланатын болады.

Сот шешімі қоса беріледі. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар