Бүгін Ақтөбе -” Өрлеу” облыс педагогтары үшін “Педагогикалық идеялар панорамасы” бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің республикалық байқауына қатысу мәселелері бойынша Speech-алаңы өтті.
“Лекторий аймағында” филиалдың педагогтары мен спикерлері – Трнабаева Н.С., директордың орынбасары, магистр, Каплиева А. К., кафедра меңгерушісі, п. ғ. к., доцент, Адилханова М. Т., әдіскер, магистр, Ермекбаева Л. Ж., Каллибекова Г. О., зертхана меңгерушілері қатысушыларды қызықтырған сұрақтарын талқылады атап айтқанда, ұйымдастыру және өткізу тәртібі, байқау материалдарын бағалау критерийлері, бейне-сабақтарға қойылатын техникалық талаптар, сондай-ақ өткен жылдардағы жеңімпаздардың Бейнесабақтары көрсетілді.
Құрметті әріптестер! “Педагогикалық идеялар панорамасы” байқауында Үздік педагогикалық идеяларды анықтау үшін қажетті барлық артықшылықтар сәтті үйлеседі, мұнда сіз, біздің аймақтың педагогтары, өз кәсіби тәжірибеңізбен және лайфхактарыңызбен бөлісу мүмкіндігіне ие боласыз.
Естеріңізге саламыз, конкурсқа қатысу үшін https://ppi.orleu-edu.kz сілтеме бойынша өтіп, 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін өтінім беру қажет.
Білім берудің барлық деңгейіндегі ұйымдардың педагогтарын белсенді қатысуға шақырамыз!
Байқауға қатысты сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитетіне 87016540750, 87077337448 телефондары арқылы хабарласуға болады.
- 28 Сәу
- 2022