Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын жүзеге асыруда барлық білім беру ұйымдарының білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету көзделген болатын. 27- 28 қазанда «Ұрпақ тәрбиесі: жаңа Қазақстан біліміне тың және орнықты көзқарас» атты озық педагогикалық тәжірибелердің IV республикалық форумын А.Байтұрсынұлы Білім Академиясы ұйымдастырды.
Форумның мақсаты: заманауи мектептегі өзгерістерді теориялық тұрғыда талдап, болжанған нәтижелерді талқыға салу болды.
Осы бағытта жоспарланған жұмыстарды практика жүзінде, оқу-тәрбие үдерісінде тікелей қарастырып, көпшілік талқысына салу, тәжірибемен алмасу – форумның негізгі ерекшелегі. Жиынға республикалық, облыстық, қалалық, аудандық білім бөлімінің, ҰБА, ЖОО, колледж және мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру және әдістемелік орталықтарының мамандары, мектеп басшылары, әдіскерлері, пән мұғалімдері, республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің мамандары қатысты.
Форумда оқушылардың физикалық, рухани интеллектісін дамыту және тарихи сана қалыптастыру, интерактивті сабақтар бағыттары және білім мазмұнының жаңаруы мен білім беру саясатындағы өзгерістерге сай оқу процесіндегі өзгерістер қамтылды.
Жиын соңында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиал директорының м.а. Гульназ Мылтыкбаевна қорытынды сөз сөйледі.

- 31 Қаз
- 2022