Эксперимент алаң жұмысы тәжірибесін жалпылау  және тарату жұмысы бойынша  қалалық семинар өтті

 28 ақпанда  №47 «Ақ желкен» балабақшасында «Театрландырылған қойылымның балалардың дамуындағы рөлі»  тақырыбында  эксперимент алаң жұмысы тәжірибесін жалпылау  және тарату жұмысы бойынша  қалалық семинар өтті. Семинарға  Астана қаласы Әдістемелік орталықтың зерттеу бөлімінің әдіскері  және  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілі,  мемлекеттік  және жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының  меңгерушілері мен әдіскерлері және педагогтері қатысты.

Семинар барысында  театр киімдерінің көрсетілімі, «Ормандағы оқиға» музыкалық театрландырылған қойылым, «Ерте, ерте, ертеде……»  ертегілер туралы театр кабинетіндегі  келген қатысушы педагогтермен ойын түріндегі балалардың диалогы сияқты жұмыстар көрсетілсе,  «Қызыққа толы театр әлемінде» балалар интерактивті тақтаны қолдана отырып,  ұйымдастырылған  іс-әрекеттен үзінді көрсете білді. Сонымен  бірге,  «Туған күнге сыйлық»  тақырыбында балалар мен педагогтердің бірлескен интерактивтік театры ұсынылып,   эмоциялық көңіл-күйге толы «Қорапша» атты  понтамима көрсетілді. Семинарға  келген қатысушылармен психолог тарапынан  өткізілген  тренингтен кейін, балабақша  әдіскерлері  балабақшада жүргізілген эксперимент алаң жұмысына шолу жасап,  «Балаларға қандай ертегі оқисыз?» тақырыбында  қатысушы педагогтермен мастер-класс көрсетті. Кері байланыс ретінде келген қатысушылар  ертегілер  әлеміне кіріп, әсер алғандай және ұмыт болған ертегілерді еске түсіріп, семинардың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар