Бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстар

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында «Өрлеу» өкілдері қалалық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті, қалалық білім басқармасы және Шымкент қаласы бойынша әдістемелік орталықтың басшыларымен жұмыс кеңесіне қатысты. Кездесуде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары, оларды сапалы жоғары деңгейде өткізу, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілер және білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары талқыланды. Кездесу нәтижесінде ұйымдар арасындағы ынтымақтастық туралы шешім қабылданды. Біздің ынтымақтастығымыз ұзақ, табысты және жемісті болады деп сенеміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар