1 ақпан күні Оралдағы «Өрлеу» институтының ұйымдастыруымен №40 «Болашақ» бөбекжайы базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда STEM технологиясын қолдану» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты: STEM технологиясын қолдану арқылы оқытуда зерттеу дағдыларын жетілдіру.
Семинардың міндеттері:
STEM технологиясын қолдану, жинақталған тәжірибемен алмасу;
STEM технологиясын қолдану жолдарын зерделеу.
Семинарда Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушылары Алипкалиева Гульфия, Абдрахманова Анаргүл STEM технологиясының бағыттарын талқылау, педагогтің STEM технологиясынын қолдану дағдыларын дамыту бағытында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында қатысушылар STEM технологиясын қолдану, баланың инженерлік ойлауын дамыту ойындары, белсенді қарым-қатынас және командалық жұмыс, күнделікті өмірде ғылыми-техникалық білімді қолдану, сыни ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамыту ерекшеліктеріне ерекше назар аударды.
Сондай-ақ STEM-технология негізінде жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастыру жолы қарастырылып, топтық жұмыстар жасалынды.