Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру: тиімді технологиялар, әдістер мен әдістемелік олжалар

Бүгін қалалық әдістемелік кабинетпен “Өрлеу-Ақтөбе” ынтымақтастығы аясында “Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру: тиімді технологиялар, әдістер мен әдістемелік олжалар”тақырыбында республикалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – сабақтарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру бойынша тапсырмаларды қолдану.
Семинар барысында Ақтөбе қаласының №35 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г. Ш. Ашықбаева, А. К. Нұрмағанбетова, Г.С. Үмбетьярова, А. Н. Сейтқасымова, Д. Ж. Симанова, А. Н. Есебаева жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Талқылау тақырыбы мұғалімдер жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған оқыту мазмұны мен әдістерін жаңарту болды. Практикалық қызмет арқылы семинар тыңдаушылары оқуға деген ынтаны дамытуға көмектесетін, оқушыларды өз бетінше білім алуға үйрететін, пәнге деген қызығушылықты дамытатын, оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, оқу-ақпараттық және оқу-ұйымдастыру дағдыларын дамыту процесін жандандыруға мүмкіндік беретін тәсілдер мен стратегиялармен танысты.
Пән мұғалімдері өз білімдерін орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға көмектесетін әдістемелік олжалармен толықтыра алды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар