Білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс жасасу

2023 жылдың 3 ақпанында Өрлеу РКДИ аға оқытушылары Ибраева Жанар және Карабалаева Назерке Алматы қаласының жалпы білім беру мектептері мен Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығына барды. Білім беру саласы бойынша атқарылатын жұмыстарды жоспарлау және өзекті мәселелерді анықтау мақсатында іскерлік кездесу ұйымдастырылды. Қазақ тілі пәнінің әдіскерлерімен кездесу кезінде пән мұғалімдерінің мәселелері мен атқарылып жатқан жұмыстары туралы сөз болды. Курстан кейінгі қолдау бойынша бірлескен семинарлар өткізу жоспарланды.

Республикалық кәсіби даму институты мен Алматы қаласы мектептері арасында ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстар түсті. Әуезов ауданының №116 мектеп директоры Мейрханова Зухра бірлескен семинарлар ұйымдастыру, инклюзивті білім беру бойынша шебер-сыныптар өткізу, бірлескен жобаларды құру туралы өз ұсыныстарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар