Мұражай педагогикасы: құндылықтар, тиімді оқыту

7 маусым күні Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. (5-9 сыныптар)» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы тыңдаушылары үшін көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді.

Тарих пәніндегі қиын тақырыптарды оқытудың тиімді жолының бірі – мұражайдағы сабақ. Жас ұрпақтың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, елі үшін мақтаныш сезімі, Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға деген дайындығын тәрбиелеуде өлкетану деректерін оқып-үйренудің маңызы зор. Өлкетану деректері арқылы патриоттық тәрбие беру мақсатын, мазмұнын, технологиясын нәтижеге бағдарланған білім беруге бағыттау аясында тарихи құжаттармен, жәдігерлермен жұмысты, білім беруде өлкетанушылық компонентті кіріктіру бүгінгі күні өзекті мәселе болып табылады.

«Мұражай педагогикасы: құндылықтар, тиімді оқыту» тақырыбындағы көшпелі сабақ барысында тыңдаушылар С. Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы, қалалық «Ақмешіт музейі» және облыстық тарихи-өлкетану мұражайларының экспозицияларымен танысып, тарих пәніндегі қиын тақырыптарды, өлкетану курсын оқытудағы мұражай педагогикасының маңызын талдай отырып, қандай тақырыптарды оқытуда мұражайлар айтарлықтай көмек көрсете алуы мүмкін деген проблема аясында ой бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар