Шығыс Қазақстан және Абай облысы педагогтеріне арналған облыстық педагогикалық шеберхана

«Өрлеу» ШҚО филиалының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы және Абай облыстарының білім басқармаларымен жасалған меморандум аясында «Дарынды және қабілетті балалармен жұмыс жүйесі ұлттың әлеуетін дамытудың негізі» тақырыбындағы облыстық педагогикалық шеберханасы өткізілді.

Мақсаты:  дарынды және қабілетті оқушылармен жүргізілетін жұмыс жүйесінің тиімділігін талқылау, педагогтерге сыныптағы барлық оқушылардың оқу қажеттіліктеріне сай келетін оқу бағдарламалары мен оқу стратегияларын «тереңдету» туралы  идеяларды ұсыну.

Шеберхана жұмысына қатысуға облыстық білім басқармаларының және қалалық білім бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ мектеп оқу ісінің меңгерушілері, бастауыш сынып, математика-жаратылыстану және қоғамдық-гуманитарлық бағыттары пәндерінің педагогтері шақырылды.

Шеберхана Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 орта мектебінде” өткізілді, педагогтерге мектеп ішінде экскурсия ұйымдастырылып, Ұлы Абай және Қ.Бітібаева кабинеттерімен таныстырды.

Шеберханада дарынды және қабілетті оқушылармен жүргізілетін жұмыс жүйесінің тиімділігі талқыланды, педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Соңында әр қатысушыға «Өрлеу» сертификаты табысталды.

Шеберхана қатысушыларын алған тәжірибері мен білімдерін жұмысында тиімді енгізетініне сенімдіміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар