Тамыз кеңесі қарсаңында 14 тамызда «Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласы және өңірлерден келген педагогтерге арналған «Елордалық білім» апталығы өтіп жатыр.
Апталық барысында «Бақытты балалық шақ формуласы және құндылықтар: Тұлға, Отбасы, Ұстаз», «Білім беру саласының цифрлық кеңістіктегі өзгерісі», «Білім беру саласындағы инновация: құндылықтар, үрдістер, технологиялар» тақырыптар аясында 2022-2023 оқу жылына талдау және іс-тәжірибе тарату, орта білім беру ұйымдарында жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру, оқу процесін жетілдіру үшін ұлттық және халықаралық тәжірибелер негізінде инновациялық технологияларды қолдану, балалардың қалыптасуы мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық климатты үйлестіру және ата-ана рөлін күшейтуге арналған панелдік сессиялар өтті.
Жиынның 3-ші секциялық алаңында «Кәсіби оқыту және білімді жаңарту» бөлімінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтының тренері Толқынай Абдикалова «ТжКББ заманауи педагогының жаһандық құзыреттіліктері мен дағдылары» тақырыбында баяндама оқыды.
- 14 Там
- 2023