Жаратылыстану ғылымы: жаһандық жаңару

Жамбыл атындағы №120 орта мектепте жаратылыстану пәндерін оқытуда педагог кадрлардың шығармашылығын кәсіби тұрғыда үздіксіз арттыру, инновациялық білім беру нәтижесін жан-жақты дамытуға бағытталған аймақтық семинар өткізілді.

Жаратылыстану бағыты бойынша химия, биология, география пәні мұғалімдері тәжірибе алмасқан «Жаратылыстану ғылымы: жаһандық жаңару» тақырыбындағы семинар жұмысына «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Орынкүл Мыханова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Жаратылыстану факультетінің директоры Нұрлыбек Ахатаев, аға оқытушы Нұрқасым Ерболат қатысты.

Семинар барысында пән мұғалімдері химия, биология және география сабақтарында заманауи ақпараттық технологияны қолдану тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, «Plickers.com. платформасында тапсырма құрастыру», «Тәжірибе – таным көзі», «Цифрлық 3D платформасында әдіс-тәсілді қолдану» тақырыбында практикалық сабақтар көрсетілді.

Жаратылыстану ғылымының тарихы бойынша мектеп оқушылары «Дертке дауа – Дермене» тақырыбында көлеңкелі театр қойылымын көрсетіп, психологиялық тренинг жұмыстарымен жалғасын тапты.

Семинар қорытындысында кері байланыс жасалып, мұғалімдер «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.

Жаратылыстану пәндерін оқытуда педагогтеріміздің шығармашылығын, кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім алушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстарымен үздіксіз айналысуына жол ашатын мұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

five × 5 =

Наши филиалы

Біздің филиалдар