«Lesson study: тиімді тәжірибеден табыс критерийлеріне апаратын жол»

15 ақпанда СҚО «Өрлеу» «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар», «Педагогикалық шеберлік орталығы» және Петропавл қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» бірлесе  «Оқушылар сарайы» Digital Urpaq базасында  «Lesson study: тиімді тәжірибеден табыс критерийлеріне апаратын жол» тақырыбында  облыстық семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренинг мұғалімдерге Lesson study тәсілін қолдану арқылы оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатында ұйымдастырыдлы.​🔬Тренинг барысында Өрлеу, ЦПМ, НЗМ сертификатталған тренерлері мұғалімдермен Lesson study жұмысының негізгі кезеңдерін қарастырды, анықталған проблемалар бойынша критерийлер, сұрақтар әзірленді, оқу үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған әдістерді белгіледі. Тәжірибелік жұмыс барысында тренингке қатысушылар кейстердің әдістемесін пысықтады, ұсынылған жағдаяттарды шешу жолдарын анықтады.

Тренинг аясында Петропавл қаласындағы М.Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейі, Қызылжар ауданы Якорь орта мектептерінің Lesson study оқу үдерісінде қолдану тәжірибесін ұсынды.

Қорытындылай келе, сарапшы – М.Қозыбаев ат. СҚУ аға оқытушысы, профессор, п.ғ.д., А.Мурзалинова мұғалімдерге, білім беру ұйымдарының басшыларына Lesson Study бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұсыныстарымен бөлісті.Сондай-ақ А.Мурзалинова семинарды ұйымдастырушыларға сындарлы ұсыныстарын айтты:

– білім беру ұйымының педагогикалық құрамын аттестаттау мақсатында LS бойынша есеп беру тәсілдерін әзірлеу, олар орындалуы жағынан қарапайым, мазмұны бойынша нақты, ұсынылған нәтижелерде анық, мақсаттарды жүзеге асыруда сенімді болуы керек.

– 2023-2024 оқу жылында LS материалдары бойынша үздік әдістемелік құрал шығару үшін облыстық конкурс өткізу, келешекте оны облыстық кәсіптік шеберлік байқауларының пулына енгізу. Әлеуетті қатысушылар тек мектеп мұғалімдері ғана емес, сонымен қатар тренерлер, әдіскерлер, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы. Күтілетін нәтиже – «Солтүстік Қазақстанның білім беру саласына арналған LS» инфотекасы ….- LS технологиясына байланысты магистратура мен бакалавриат жобаларының тақырыптарын кеңейту. Тақырыптар осы жерден жойылды.

– Үздіксіз кәсіби дамуға ынталы педагогтардың, әсіресе жаңадан бастаған шебер мұғалімдердің арасынан ЖОО оқитын мұғалімдер қауымдастығын құру.- LS технологиясына байланысты магистратура мен бакалавриат жобаларының тақырыптарын кеңейту.

– Үздіксіз кәсіби дамуға ынталы педагогтарды, әсіресе педагог магистрлердің арасынан LS бойынша оқитын мұғалімдердің, жаңадан бастаған педагог магистрлердің Ассоциация қауымдастығын құру.

Рефлексия барысында мұғалімдер оқу үдерісінде Lesson Study қолданудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтіп, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар