Педагогтер психологиялық ішкі сенімі арқылы тәрбиелеудің артықшылықтары мен ерекшеліктерін талқылады

2023 жылдың 17 қарашасы күні төрт жақты меморандум аясында “Ақтөбе – Өрлеу” филиалы мен Ақтөбе облыстық оқу-әдістемелік орталығы бірлескен білім беру ұйымдарының психологтары мен педагогтеріне арналған “Тәрбие құралы: психологиялық ішкі сенім” тақырыбында семинар өтті.
Облыстық оқу-әдістемелік орталығының психологі, семинар спикері Сәндігүл Байдуашова қатысушыларға білім беру ұйымдарындағы психологиялық салауаттылықты дамытудағы өзекті мәселе – баламен және ата-анамен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін әдістерімен таныстырды. Сонымен қатар, қатысушылар жеке адамның қалыптасу заңдылықтарын, бағыт-бағдарын, қабілетін, қажеттілігін, эмоциялық ерік аясын, дүниетанымын зерттеудің тиімді тұстарын талқылап, тәжірибеге бағытталған мазмұнды кездесу болды.
Семинар нәтижесінде педагогтер жеке тұлғаны психологиялық ішкі сенімі арқылы тәрбиелеудің артықшылықтары мен шектеулерін, әсер ету салалары мен қолдану ерекшеліктерін меңгерді.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

ten − three =

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар