«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының 10 жыл» мерейтойына орай, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша КДИ» филиалы ғимаратында Ғылыми Кеңестің салтанатты отырысы өтті.
Отырысқа қатысқандар:
- Сұрағанова Айнагул Ағыбайқызы, Қостанай облысының білім саласында сапасын қамтамасыз ету департаменті» ММ басшысы;
- Джаманбалин Қадірғали Қоныспайұлы, «Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті» ректоры;
- Сейтмұхаметова Марина Валентиновна, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, «Омбы облысының білім беруді дамыту институты» ҚКББ БББМ ректоры;
- Жайлыбаев Темірхан Бекбергенұлы, Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасы «Рудный қаласы білім беру бөлімі» ММ басшысы;
- серіктес білім беру ұйымдарының басшылары;
- әр жылдары еңбек еткен «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалының еңбек ардагерлері мен қызметкерлері.
Отырыс барысында қатысушылар «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ-ның негізгі жетістіктерін көрсететін мерейтойлық бейнероликті көрді. Қостанай филиалының директоры Марионелла Васильевна Слесарь өз баяндамасында филиалдың өткен онжылдықтағы табысты жұмысы туралы айтып, кадрларға баса назар аударды.
Мерекелік іс-шараға шақырылған қонақтар, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы қосылған халықаралық серіктестер мен филиалдың бұрынғы қызметкерлері құттықтау сөз сөйледі.
Іс – шара соңында отырысқа қатысушыларға құттықтау мен алғыс хаттар, ал филиал қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен мерейтойлық медальдар табыс етілді.