Action research – іс-әрекетте зерттеуді жүргізу

2023 жылдың 9 және 20 қаңтары аралығында Өрлеу Республикалық кәсіби даму институты (РКДИ) оқытушыларының құзіреттілігін дамыту мақсатында «Білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтарының күнделікті педагогикалық қызметінде Action Research, Lesson Study, Learning Study әдістерін қолданудың теориясы мен тәжірибесі» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтуде.

Курс барысында іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу жолдарын, педагогикалық кезең әдістемесін жетілдіру бойынша жолдары қарастырылды.

Мектеп базасындағы педагогикалық әдістемені жетілдіруге бағытталған іс-әрекетті зерттеу – маман – тәжірибешілерге мектеп мәселелерін талдау, рефлексия және мәселелерді шешу  жолдарын ұсыну болып табылады.

Мұғалімдер өз  жұмысын зерделеу, өз тәжірибесін тереңірек түсіну, жетілдіру мақсатында зерттеу жүргізеді. Ендеше, Action Research – мұғалімдерге өздерінің қандай мұғалім екенін білуге және оқыту мен оқу үдерісі туралы сын тұрғысынан ойлануына көмек беретін тәсіл.

(1) Пікір

  • Ракишева Анар Ерубаевна 19.01.2023 @ 12:04

    Курс маңызды тақырыптарды талдап, өткен жылғы курстарда қолданған Lesson stady(LS) жобасының тиімділігін бекітуге, Action Research (AR) –тәжірибесін меңгеруге тиімді болды.

Пікірлер жабық.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар