2-күн: Идея мен тәжірибе алмасудың кәсіби алаңы

Тәжірибе алаңының екінші күні атқарылған кезекті жұмыстарға тоқталайық.

Педагогикалық идеялар аукционы

Тәжірибе алаңына қатысушы мұғалімдердің идеяларын ортаға салу, ұтымды идеяларды қолдау, педагогикалық идеялар арқылы мұғалімдер тәжірибесіне оң ықпал етуді көздейтін «Педагогикалық идеялар аукционы» өткізілді. Аукционға келіп түскен шығармашыл мұғалімдердің идеялары мен жобалары сарапталып, үздік жұмыстар анықталды.

«Үздік коучинг – 2023» кәсіби байқауы

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық тәжірибесі – жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Осыған орай, жас мұғалімдер мен білікті ұстаздардың педагогикалық шеберліктерін шыңдау, өзара тәжірибе алмасу, шығармашылық жұмыс істеуге бағыттау мақсатында «Үздік коучинг – 2023» облыстық кәсіби байқауы өткізілді. Белгіленген критерий негізінде әрбір мұғалімнің жұмысына талдау жасалып, бағыт-бағдар берілді, ұсыныстармен толықтырылды.

«Брейн-ринг» сайысы

Бағдарлама бойынша «Брейн-ринг» танымдық сайысы барысында әртүрлі пән бойынша логикалық сұрақтар қойылып, нәтижесінде озық ой ұшқырлығымен, білімділігімен озып шыққан ұстаздарға жүлделі орындар берілді.

Мәдени және спорттық шаралар

Жиын аясында әр күннің мазмұнды, қызықты өтуі үшін мәдени және спорттық шаралар да ұйымдастырылды. Үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындары өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. КТК әзіл-қалжың кешіне қатысушы командалар әзілдерімен кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Тәжірибе алаңының ұйымдастырушылары 2-күні өткізілген іс-шараларға сараптамалық талдау жүргізіп, рефлексия жасады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар