2022 жылдың 20 қаңтары күні Ақтөбе бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Тарихи концепт – сындарлы ойлау негізі» тақырыбында Республикалық деңгейде тарих пәнінен мектеи мұғалімдерімен колледж оқытушыларына арналған семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерін оқытатын пән мұғалімдерінің бойында концептуалды оқытудың дағдыларын жетілдіру.
Семинарда мұғалімдер креативті тұлғаны қалыптастыруда тарихи концепті арқылы оқытудың жолдарымен танысып, оқушының өз бетінше ойын еркін жеткізуге, талдауға, салыстыруға дағдыландыруда тарихи концептіні пайдаланып оқытудың тиімді тұстарын игерді.
Семинар барысында қатысушылар концептуалды оқытудың мәнін талқылап, оқушыны білім мен дағдысын қолдана білуге үйрету қажеттілігі туралы ойларын ортаға салды.
Тарихи ойлау дағдылары бірте-бірте прогрессия мен олардың кеңеюін есепке ала отырып әр сабақтың үстінде дамытылуы тиіс екендігін бір ауыздан мақұлдасып, тарқады.
Семинарға қатысқан мұғалімдер ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді
- 20 Қаң
- 2023