Ағымдағы жылдың 17 ақпанында Түркістан бойынша өкілдік қызметкерлері Түркістан қаласындағы №28 мектеп-лицей мұғалімдеріне курстан кейінгі сүйемелдеу мақсатында әдістемелік көмек көрсетті. Аталмыш мектептің пән мұғалімдері өкілдік қызметкерлерінен мазалап жүрген сауалдарына нақты жауап ала алды. Атап айтар болсақ, аттестациядан өтетін педагогтердің портфолиосына қажетті құжаттар тізімдемесі, Lesson Study сабақты зерттеу т.б. Іс-шара соңында №28 мектеп-лицей мұғалімдері Түркістан өкілдігінің қызметкерлеріне өз алғыстарын айта отырып, алдағы уақытта да осындай игі іс-шаралар жалғасын тапса деген ұсыныстарын білдірді.
- 20 Ақп
- 2023