“Білім берудің сапасын жетілдіру жолдары мен құралдары” тақырыбындағы семинардың 2-ші күні аяқталды

“Білім берудің сапасын жетілдіру жолдары мен құралдары” тақырыбындағы семинардың 2-ші күні аяқталды. Атырау қаласы  «№38 мектеп-лицей» КММ базасында өткен семинар бекітілген жоспарға сәйкес келесідей тақырыптар бойынша ұйымдастырылды:

  • Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіру жолдары

Тренер: Каленова Гүлзахира Сапарғалиқызы

  • Цифрлық ресурстарды білім беру процесінде қолдану тиімділігі  

Тренер: Сарманова Шынар Амандосқызы

  • Физика сабағында есептерді графиктік жолмен шешу

Тренер: Сарсенгалиева Гүлзира Жагорқызы

Махамбет ауданындағы «Е.Ағелеуов атындағы орта мектеп» базасында ББЖМ нәтижелеріне байланысты арнаулы әдістемелік қолдау шаралары аясында ұйымдастырылған семинардың 2-ші күні сәтті аяқталды.

Бекітілген жоспарға сәйкес пән мұғалімдеріне келесідей тақырыптар бойынша әдістемелік қолдау көрсетілді:

  • Формативті  бағалау: жоспарлау және  қолдану

Тренер: Ахметова Рухас Мұқажанқызы

  • Action Research теориясы мен практикасы

Тренер: Ахметова Рухас Мұқажанқызы

  • Сабақты зерттеу (LESSON STUDY) теориясы

Тренер: Нурмуханова Гүлнар Рашиденқызы

  • Сабақты зерттеуді (LESSON STUDY) қолдану әдістемесі

Тренер: Нурмуханова Гүлнар Рашиденқызы

Мақат ауданындағы «О.Сарғұнанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» базасында өткен ББЖМ нәтижелеріне байланысты арнаулы әдістемелік қолдау шаралары аясында ұйымдастырылған «Білім берудің сапасын жетілдіру жолдары мен құралдары» тақырыбындағы семинардың 2-ші күні аяқталды.

Мақат ауданындағы семинардың 2-ші күні келесідей тақырыптар бойынша өтізілді:

  • Биология және химия пәндерін оқытуда функционалдық сауаттылық тапсырмаларын орындау жолдары

Тренер: Тажиева Гүлмира Қапанқызы

  • Цифрлық платформаларды биология пәнінде қолдану арқылы білім сапасын көтеру

Тренер: Тажиева Гүлмира Қапанқызы

  • География пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын  қалыптастыру жолдары

Тренер: Жумагалиева Анар Жеңісқызы

  • Математикалық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды шешу

Бекішева Күләш Қорғанбайқызы

Семинар жұмысының соңында пән мұғалімдеріне қорытынды рефлексия ұйымдастырылып, Padlet тақтасы арқылы кері байланыс жасалды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

17 − 1 =

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар