«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Оқу жұмысы жөніндегі департамент директоры Меруерт Умиралиева АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ББЖМ (MODO) нәтижесіне байланысты әдістемелік қолдау шараларына қатысуда

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Оқу жұмысы жөніндегі департамент директоры Меруерт Умиралиева АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ББЖМ (MODO) нәтижесіне байланысты әдістемелік қолдау шараларына қатысуда.

ББЖМ (MODO) нәтижесіне байланысты өңірдегі 48 мектеп мұғалімдеріне әдістемелік қолдау шаралары бойынша өтетін үш күндік семинардың ашылу салтанаты Махамбет ауданы «Е.Ағелеуов атындағы орта мектеп» базасында ұйымдастырылды. 16 қараша семинар жұмыстарының алғашқы күні Меруерт Сагдатовна «Өрлеу-Атырау» филиалының аға оқытушыларының жұмыстарымен, семинардың жүргізілу барысымен таныс болды. Сонымен қатар, семинар жұмысын ақпараттандыру мақсатында Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің тілшісіне сұхбат берді📝

📌Семинар жұмыстары аяқталғаннан кейін филиалдың оқу ісі бөлімі мамандарымен кездесіп, бөлім қызметкерлерімен жұмыстың жүру барысы, ортақ мақсат-мүдде тұрғысында ой-талқы ұйымдастырды.

________________________________________________________________

Семинардың екінші күні Меруерт Сагадатовна Атырау қаласында «№38 мектеп-лицей» базасында «Өрлеу-Атырау» филиалының аға оқытушысы Каленова Гүлзахира Сапарғалиқызының «Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіру жолдары» тақырыбындағы семинар жұмысына қатынасты.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы хаттамасының мектепте алған білімді объективті бағалау жүйесін қалыптастыру тәсілдерін енгізу бойынша Жол картасын іске асыру шеңберіндегі іс – шаралардың жүзеге асырырылуы турасында өңірлік «Прикаспийская коммуна» газет тілшісіне және «Атырау» телеарнасына сұхбат берді.

Атырау қаласындағы семинар жұмысынан кейін Мақат ауданындағы «О.Сарғұнанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» базасында өтіп жатқан семинар жұмысына қатысты. Семинарға жиналған мұғалімдерге атқарылып жатқан жұмыстың мақсаты мен маңыздылығы туралы сөз етті.

Осылайша, Атырау облысындағы «Білім берудің сапасын жетілдіру жолдары мен құралдары» тақырыбындағы семинардың 2-ші күні сәтті аяқталды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

14 − 7 =

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар