Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні «Әдіснама және педагогикалық инновация” кафедрасы бірлесе отырып №18 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, әдістемелік тәжірибие бөлісу мақсатында «Тарих және география сабақтарында заманауи әдіс-тәсілдер мен тиімді педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры Лаура Искакова ашып, семинардың мақсаты мен маңыздылығына тоқталып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Мектеп директоры Фарида Мырхеева семинардың бағдарламасын таныстырып, тарих және география пәндерінен өтілгелі отырған сабақтардың таңдалынуы мен оқу мақсаттарын айта келе, қатысушыларға жол нұсқады. Жоғарыда көрсетілген мекеменің оқытушылары Диспут сабақ «Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі», Коррекция сыныбына Үйсіндер туралы жазба деректер», зерттеу сабағы «Какие проблемы независимой Индии связаны с ее колониальным прошлым?», Біріккен сабақ (ағылшын) «Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы» Панорамалық сабақ ХХ ғасыр 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым жәнеде «Lesson Study» сабақты зерттеудің тиімді әдісі тақырыбында сабақтар ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі Гульфазира Рахимжанова, аға оқытушылар Алия Естемирова, Гульмира Қуанышбек, Лаззат Кенжехожаева семинар сабақтарына қатысып, үлгілі сабақ негізгі талаптарының сақталуы мен міндеттерінің жүзеге асуына, топтық жұмысты тиімді ұйымдастыруы мен жаңаша әдіс-тәсілдерді пәнге қатысты сабақта қолданудың үлгілеріне тоқталып, сабақтарды тиімді жүргізуде Филиал тарапынан әдістемелік сүйемелдеу жалғасын табатындығын ескертті. Аталмыш мектеп педагогтері кері байланыс кезегінде педагогикалық әдіс-тәсілдерді, оқушылардың еркін сөйлеу дағдылары мен танымдық қабілеттерін қалыптастыруда, мазалап жүрген сауалдарына жауап ала алды. Семинар педагогтердің кәсіби шеберліктерін арттыруға үлесі мол дей отырып жалғасын тапты.
