Тәжірибе алмасу семинары: Сабақ сапасын қалай арттыруға болады?, Не үшін қажет?

Қазір еліміздің білім беру кеңістігінде келешек ұрпаққа қандай білім беру қажеттігі туралы мәселе ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қаралуда. «ХХІ ғасырда табысты болу үшін білім алушылар нені үйренуі керек?» немесе «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген бүгінгі күннің басты сауалдарына қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілу үстінде.

Заманауи ғылыми зерттеулер мен оқытудың алдыңғы қатарлы интерактивті технологияларына негізделген мұғалімдердің берік білім жүйесін құруға мүмкіндік беретін біліктілікті арттыру курстарының қорытындыларын талдау нәтижелері бойынша өзара сабаққа қатысу, тәжірибе алмасу жұмыстарын жақсарту мақсатында «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында Педагогикалық әдіснама және инновациялар кафедрасы тренерлерінің қатысуымен тәжірибе алмасу семинары өткізілді.

Кафедра меңгерушісі Ұлтай Ешимова жүргізген семинар барысында «Сабақ сапасын қалай арттыруға болады?», «Сабақ сапасын арттыру не үшін қажет?» сынды сұрақтар талқыланды.

Сонымен қатар, шағын тренинг арқылы сабақ сапасын арттыру жолдары мен әдістері туралы ой қозғау жүргізілді. Кафедра оқытушыларының жүргізген ашық сабақтарын бағалау қорытындылары таныстырылып, сабақты жоспарлауды жетілдіру, жоспарлауда С4 моделін басшылыққа алу, өзіндік бағалау жүргізу арқылы сабақ сапасын арттыру мүмкіндіктері талданды. 2023 жылы өткізілетін курстар кезінде сапаны қамтамасыз ету жоспары ұсынылды. Педагогтеріміздің біліктілігін арттыру, құзыреттілігін дамыту – біздің басты назарымызда.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

five × five =

Наши филиалы