25-26 қаңтар күндері бас әдіскер, магистр М.Т.Адилханованың жетекшілігімен әдістемелік кабинет әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының ғылыми-әдістемелік орынбасарларына және педагогтерге арналған «Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында педагогтің әдістемелік жұмысының технологиялары» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарда Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты директоры К.Е. Тлеумагамбетова, «Өрлеу»-Ақтөбе бас әдіскері, магистр М.Т.Адилханова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Мектепке дейінгі жалпы орта білім беру» бөлімі әдіскері К.И.Куразова сөз сөйлеп, қазіргі таңдағы заманауи білім берудің инновациялық сипаты әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәсілдеріне тоқталды.Семинар барысында директордың орынбасарлары К.Ж.Кулымов, К.С.Советбаева, С.А.Есенғұл, әдістемелік жұмыс, бірлестіктер жетекшілері Р.К.Аяуова, Б.Ж.Бозшин, Б.Т.Сагингалиева, педагог- ұйымдастырушы Г.Ж.Имангалиева, психолог М.К.Истигулова білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс бағыттары, педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытудың формалары, оқушылардың ғылыми ізденістер және шығармашылық жұмыстарға қатысуын үйлестіру, инклюзивті білім беру т.б. жөнінде тәжірибелерін ортаға салды.Іс-шараның рефлексия кезеңінде семинарға қатысушылар тақырыптың өзектілігін ерекше атап өтті. Семинардың барлық қатысушыларына ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!
- 25 Қаң
- 2023