«Қазіргі мектепте кәсіби өсу командасын қалай құруға болады?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін 25 мамыр күні Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институтында  «Қазіргі мектепте кәсіби өсу командасын қалай құруға болады?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

    Мұғалімдердің кәсіби өсу құралы ретінде командалық жұмыстың тиімділігін талқылау мақсатында ұйымдастырылған шараға жалпы білім беретін орта мектеп директорлары мен педагог-тәлімгерлер қатысты.

      Аталмыш шараны институт директоры Софья Измуханбетова алғысөзбен ашып,  педагогтердің кәсіби өсу әлеуетін арттыру, кәсіби көшбасшылық туралы айтып өтті.

       Басқосуда білім беру ұйымдарының директорлары командалық жұмыс, кәсіби көшбасшылық, команданың кәсіби өсуіндегі инновациялық жұмыстар, тәлімгерлік шеберхана тақырыптарында тәжірибелерін ортаға салды.

      Шара барысында Оралдағы «Өрлеу» институты мен қала мектептері  арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып, алдағы атқарылатын жұмыстар нақтыланды.  Тараптар алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда бірлесе жұмыс атқаратын болды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

eight + 9 =

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар