Ағымдағы жылдың 26 наурызы мен 05 сәуір аралығында «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті» ,«Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу дағдыларын қалыптастырудағы заманауи тәсілдер»,«Дарынды балаларды оқытудағы математикалық модельдеу» ,«Тарих және құқық негіздері пәндерін оқытудың инновациялық әдістері»,«Музыка пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»,«Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқырмандар сауаттылығын қалыптастыру Я2» ,«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»,«Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу бойынша педагог-ассистенттің кәсіби құзыреттілігін дамыту»,«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту»,«Дизайн және көркемдік модельдеу саласында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру»,«Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық технологиялар», тақырыптарындағы біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды.
Тыңдаушылар педагогикалық шеберлік пен құзыреттілікті жетілдіруге арналған курстарда кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын дамытып шыңдады. Теориялық, практикалық тұрғыдан білімдерін молайтып, іс-тәжірибесімен бөлісіп, білім қоржындарын толықтырды.
Курс тыңдаушылары қоржындарына байлаған тың идеяларын өздерінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданысқа енгізеді деп күтеміз. Әрбір әріптесіміз үшін осы біліктілікті арттыру курсы кәсіби дамудың тағы бір өсу нүктесі болатынына сенімдіміз!