ҰЛТ КЕЛБЕТІ – ҰСТАЗДАР

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Мұғалімнің мәртебесі қашанда бәрінен биік. Ұлы тұлғалардың өзі ұстазының алдында шәкірт болып қала береді. Бір сөзбен айтсақ, барша жетістіктің бастауында ұстаз тұр. Ұлттың болашағы – ұстаздың қолында. Менің мақсатым – ұстазды қоғамымыздың басты кейіпкері ретінде дәріптеу”.

Ұстаздардың ұлт тәрбиесіндегі орны әрқашанда биік. Ұлттық білім беру жүйесінде маңызды рөл атқаратын, еліміздің болашағын қалыптастыратын, өз ісінің шеберлері, сондай-ақ білім саласында жоғары жетістіктерге жеткен ұстаздарымызға деген құрметіміз ерекше.

Институтымыздың төріне «Қазақстанның Еңбек Ері» құрметті атағына ие болған үздік педагогтердің галереясы дайындалып, тақтаға ілінді. Бұл галерея – тек ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегін бағалап, еске алу ғана емес, болашақ ұрпақ үшін үлкен өнеге көзі болары сөзсіз. Бұл галерея еліміздің білім беру саласының нағыз шеберлері мен жетекшілерінің еңбегін атап өту мақсатында жасалды.

Ұстаздың еңбегі ұшан-теңіз, әрқайсысының еңбек жолы көпке үлгі. Еліміздің мақтаныштары, білім бәйтеректеріне өз ризашылығымызды білдіріп, ерен еңбектерін бағалайық!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар