Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілікті шыңдау

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту оның кәсіби тәжірибе арқылы үздіксіз өз білімін жетілдіріп, дамуға әкелетін тың жаңалықтарды қабылдау мен меңгертудің қарқынды үдерісі болып табылады.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының қолдауымен Қызылорда қаласындағы №282 мектеп-лицейі, Ә.Құдабаев атындағы №197 орта мектебі және Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектебі «Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілікті шыңдау» атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аймақтық тәжірибе алмасу семинарын өткізді.

Тәжірибе алмасу шарасының мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қажеттілігін қамтамасыз ету, педагогикалық идеяларын, шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білуге қолайлы жағдай жасау, көшпелі сабақты өткізу арқылы тәжірибе алмасу, озық әдіс-тәсілдерін тарату.

Шараның ерекшелігі – барлық мектептерге пәндер мен сыныптардың бірдей таңдалуында. 1-сыныпта Ана тілі пәнінен, 2-сыныпта дүниетану пәнінен, 3-сыныпта математика пәнінен және 4-сыныпта қазақ тілі пәнінен ашық сабақтар өткізу жоспарланған.

Семинардың алғашқы күні №197 орта мектепте №222 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері көшпелі тәжірибелік сабақтар көрсетсе, екінші күн №282 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибелерін көрсетуімен жалғасты.

Екі күнге жоспарланған шараның қорытындысы өткізілген ашық сабақтар бойынша пікірлесумен, кері байланыс берумен аяқталды. Семинар соңында «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушылары Жанат Ахметова, Ақманат Басанова педагогтер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы облыстың білім беру ұйымдарының инновациялық қызметін əдістемелік тұрғыда қолдауға бағытталған әдістемелік шаралар ауқымын кеңейтіп, заман талабына сай педагогтердің кәсіби деңгейін дамыту жұмыстарын жыл соңына дейін жалғастыра бермек.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар