«Өрлеу» Қызылордада фейл-вебинарлар керуені басталды

5 ақпаннан бастап «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында педагогтерді курстан кейінгі қолдау мақсатында «Тарих пәнін оқыту мен оқудағы қиындықтар: себептері, шешу жолдары» тақырыбында фейл-вебинарлар керуені өз жұмысын бастады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 жылғы №249 бұйрығымен бірқатар өзгерістер енгізілді. Оның негізі – 2023 жылдан бастап біліктілік арттыру курстарынан өткен әр мұғалім 1 жыл ішінде курстан кейінгі сүйемелдеумен қамтамасыз етілуі тиіс.

Педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу – педагогтің курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы оның кәсіби құзыреттілігін дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі. Осы мақсатта 2023 жылы филиалда тарих пәнінен біліктілікті арттыру курсынан өткен тыңдаушыларды курстан кейінгі қолдау аясында фейл-вебинарлар керуені басталды.

Фейл-вебинар жұмысына Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің сұранысына сай 2023 жылғы 10-21 сәуір аралығында «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 10-11 сыныптардың қиын тақырыптары» курсынан өткен 25 мұғалім тартылды.

Вебинардың модераторы, курс жетекшісі Раушан Мәрсәлінің жетекшілігімен қатысушылар курстан кейінгі жетістіктерімен және қордаланып отырған олқылық/проблемаларды ортаға салып, «Лотос гүлі» әдісімен талдап, «Болғаны жөн. Міндетті. Болмайды» тәсілімен түйіндеді.

Вебинар барысында білім алушылардың оқуға қызығушылығын арттыруда қолдануға жаңа инновациялық әдістер ұсынылып, оларды жүргізу алгоритмі қолданыла отырып, пысықталды.

Педагогтің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруде курстан кейінгі сүйемелдеу шараларының рөлі маңызды, сондықтан әдістемелік керуен өз жұмысын жыл бойы жалғастыратын болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар