2024 жылы 10 мамыр күні Төлеби ауданы №16 мектеп базасында «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аясында курстан кейінгі қолдау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Қатысушылар санаты: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері. Мақсаты: Педагогтің курстан кейінгі қызметіне үздіксіз мониторинг жүргізу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы кәсіби құзыреттілігін дамытуды қамтамасыз ету. Міндеттері: – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың жеке траекториясын жүзеге асыруда әдістемелік қолдау көрсету;- біліктілікті арттыру курстарында алған білімдерін, құзыреттерін және басқа да күтілетін нәтижелерді кәсіби тәжірибеге ендірудің тиімділігін мониторингілеу;- конструктивті кері байланыс арқылы сабақта/сабақтан тыс іс-әрекеттеріне бақылау және талдау;- педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасында вертуалды қауымдастықта мұғалімдердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру.Курс жетекшісі Махатаева Жанар Имановна, институттың аға оқытушысы, тренері
- 10 Мам
- 2024