Тұрақты даму мақсатында білім берудегі өзекті мәселелер

🔸 2024 жылдың 13 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша Кәсіби даму институты мен ШҚО білім басқармаларымен жасалған меморандум аясында «Тұрақты даму мақсатында білім берудегі өзекті мәселелер» тақырыбында Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті «Р.Марсеков атындағы орта мектебі» КММ-де облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты:

• Тұрақты даму бағдарламасы аясында оқушыларға сапалы білім берудің нәтижесін инновациялық технологиялар арқылы көрсету.

• Облыс педагогтерінің кәсіби даму мәселелері жөнінде өзара әрекет және ынтымақтастықта жұмыс істеуге жағдай жасау, тәжірибе алмасу.

Семинар барысында мектеп тынысынан бастау алған бағдарламаның бірінші кезеңінде «Талантты ұстаз – талапты шәкірт» атты ашық сабақтар, әдістемелік өнімдер көрмесі, «Ұстаздық еткен жалықпас» тақырыбында коучинг, шебер сыныптар мен «Мектеп медиация қызметі» жобасы көрсетілді.Семинар жұмысына мұғалімдер зор ықыласпен қатысып, әдістемелік қоржындарын толықтырып, «Кері байланыс маңызды үрдістің бірі» тақырыбында семинар жұмысын қорытындылады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар