«Сөз маржан» Collaboration Fest байқауының қалалық кезеңі

Өрлеу Алматыда «Сөз маржан» Collaboration Fest байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың мақсаты – орта білім беру ұйымдары білім алушыларына қазақ халқының мәдениетін, төл әдебиетін кеңінен насихаттау, медиасауаттылыққа баулу, педагогтердің үздік тәжірибесін анықтау мен тарату.

 Байқау үш номинация бойынша ұйымдастырылды:

1) «Қылқалам шебері» – қазақ әдебиетіндегі шығармаларды, кейіпкерлерді комикс және креативті жанрда бейнелеу.

2) «Сөз майталманы» – қазақ әдебиеті мәдениеті, болашақ ұрпақ, құндылықтар тақырыбындағы прозалық және поэзиялық шығармаларды, мақалаларды газет-журналдарға жариялау. Рубрика «Сөз Маржан» Collaboration Fest».

3) «Жыр жауһары» – қазақ әдебиетінің майталмандарының шығармаларын жатқа оқып, креативті роликтер түсіріп Тик-Ток, Инстаграм, Facebook әлеуметтік желілерінде #CөзМаржан_Collaboration_ Fest хэштегтерімен орналастыру.

 Байқау аясында жеңімпаз білім алушылардың педагогтері «Ұлағатты Ұстаз Күнделігі» атты әдістемелік құралдардың таныстырылымын өткізіп, үздік тәжірибелерімен бөлісті.

Нәтижесінде, республикалық кезеңге 1-орын жеңімпаздарының 5 жұмысы жіберілді. Оның ішінде, «Қылқалам шебері» номинациясы бойынша – 3, «Жыр жауһары» номинациясы бойынша – 1, «Ұлағатты Ұстаз Күнделігі» таныстырылымы бойынша  – 1.

Қалалық кезеңнің  жеңімпаздары Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Ал қалған  қатысушыларға  байқау ережесіне сәйкес сертификаттар табысталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Республикалық кезеңге өткен қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар