Ағымдағы айдың 10-жұлдызында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты» ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне арналған маңызды семнарға қатысты. ZOOM платформасында онлайн форматта өткен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі міндеті» атты семинар институт басшылығы мен қызметкерлерін қамтыды. Іс-шара спикері ретінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның әдеп жөніндегі уәкілі – комплаенс-офицері Сағидолла Ерсаинұлы сөз сөйледі.
Сағидолла Ерсаинұлы өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың және Қазақстан Республикасының заңнамасына инновацияларды енгізудің негізгі аспектілеріне баса назар аударды. Ол заңсыз әрекеттерге қарсы сәтті күрес азаматтар мен ұйымдарда этикалық нормалар туралы нақты түсінік қалыптастырудан басталатынын атап өтті. Бұл тәуекелдер мен олардың алдын алу жолдары туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған мәдени және білім беру бағдарламаларын дамытуды қамтиды.
Сондай-ақ, заңсыз әрекеттердің алғышарттарын жою мәселелері талқыланды. Комплаенс-офицер заңдар мен нормаларды бұзу мүмкіндіктерін азайту үшін басқару және бақылау процестеріне өзгерістер енгізу қажеттілігін атап өтті. Маңызды аспект – құқық бұзушылықтар үшін салдардың сөзсіз болуын қамтамасыз ету екені ескерілді.
Сонымен қатар, семинарда мемлекеттік органдардың жұмысын бағалау жүйесін қоса алғанда, жаңа тәсілдер мен стратегиялар қаралды. Бұл нақты шараларды енгізудің тиімділігін аныққтау және қосымша назар аударуды қажет ететін тұстарды қарастыруға септігін тигізеді. Сағидолла Ерсаинұлы сондай-ақ қоғаммен өзара іс-қимылдың және қоғамдық ұйымдар мен азаматтарды заңсыз әрекеттермен күреске белсенді тартудың маңыздылығын атап өтті, бұл ашықтық пен қоғамдық сенімнің артуына ықпал етеді.
Семинар соңында қатысушылар жұмыс орнында туындайтын әртүрлі жағдайларға байланысты кейстарға жауап берді. Қызметкерлер жұмыс орнында нормалар бұзылуына тап болған жағдайда қандай іс-әрекет жасағандары дұрыс екенің таңдауы қажет болды. Кейсте семинар қатысушылары орын алған жағдайларға көз жұма қараудан бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар аясында әрекет етуге дейінгі әр түрлі нұсқалардың бірін таңдады.
Іс-шараның бұл элементі қатысушыларға семинарда алған білімдерін кейс арқылы сынауға және жұмыс ортасында заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін қандай әрекеттер қажет екенін жақсы түсінуге мүмкіндік берді. Кейс семинардың маңызды қорытындысы болып, ықтимал бұзушылықтарға қалай жауап беру керектігі туралы білімді нығайтуға ықпал етті.
Семинар соңында Сағидолла Ерсаинұлы қатысушыларды қолданыстағы заңнаманы белсенді сақтауға шақырды және «Өрлеу»БАҰО» АҚ-ның бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидатына бейілділігін растады. Ол этикалық нормаларды сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға белсенді қатысу ашық және тиімді жұмыс ортасын құру үшін негіз болып табылатынын атап өтті.