Бүгін, ағымдағы жылғы қараша айының 14-күні Өрлеу Алматыда «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.
Байқауға түскен жұмыстарды сарапшылар бағалап, жеңімпаздар мен қатысушылар диплом және сертификаттармен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік Байқаудың барлық марапаттау құжаттары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығына сәйкес аттестаттау кезінде біліктілік санатын беру немесе растауда ескеріледі.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Республикалық кезеңге өткен жеңімпаздарға сәттілік тілейміз! Іс-шараны ұйымдастырып, өткізуде қолдау көрсеткен ұйымдарға алғыс айтамыз!









