«Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты «География сабақтарында дарынды балалармен жұмыс істеудің білім беру технологиялары» тақырыбы бойынша елордалық мектептердің география пәні мұғалімдеріне арналған курс шеңберінде алғаш рет тыңдаушыларға геоақпараттық жүйелер (бұдан әрі-ГАЖ-технологиялар), атап айтқанда пилотсыз ұшу аппараты (ҰҰА)таныстырылды – дрон.
ҰҰА техникалық деректерімен, оларды әуе кеңістігінде пайдалану қағидалары, Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларымен, оқыту жөніндегі талаптар мен рәсімдерімен «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ ұшқышсыз авиациялық жүйелер департаментінің авиациялық инспекторы Бубешева Сания таныстырды.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ басшылығына және ұшқышсыз авиациялық жүйелер департаментінің авиациялық инспекторы Бубешева Санияға елорда педагогтерінің кәсіби дамуын арттыру үшін ГАЖ – технологияларды зерделеу саласында қызметтер көрсетуге жәрдемдескені және қолдағаны үшін алғыс білдіреді.