А.ж. 18 сәуір күні «Өрлеу»-Жамбыл тарапынан «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда педагогтің кәсіби дайындығы» атты республикалық on-line конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты-қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде оқыту ресурстарын қолдану, сабақты жобалау және білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерімен алмасу.
Республикалық онлайн конференцияға қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың өзекті мәселелерін талқылауға және озық тәжірибелерімен бөлісуге еліміздің 8 облысынан ғалымдар мен педагогтер қатысты, олар Саламатова Рахат, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы (Жамбыл), Кемелхан Ұлбану Ахатқызы, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері (Алматы), Бисенбаева Меруерт Кенжеғұлқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы облысы бойынша Кәсіби даму институты, PhD докторы (Алматы), Жусупова Галия Сапарбековна, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі (Қостанай), Әлжанова Гүлзат Кенжебекқызы «Өрлеу» БАҰО» АҚФ СҚО бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы (СҚО, Петропавл), Каирбекова Акмарал Абылайханкызы Павлодар қаласы, №14 жалпы білім беру орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, “педагог- зерттеуші” (Павлодар), Татибекова Айнур Андабековна, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, “педагог-зерттеуші”, «Үздік педагог-2023» Республикалық байқауының жеңімпазы және т.б.
Конференцияда пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру: қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту әдістемесін талдауда ғалымдар мен педагогтер арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; сабақты жобалау қызметі арқылы пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту ортасын қалыптастыруға бағыттау; пән арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда мұғалім тәжірибесін жетілдіру мәселелерін талқылауды қамтамасыз ету және оны дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу мәселелері талқыланды.
Онлайн конференцияның қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындалып, тақырыптың өзектілігі атап өтілді.