Бүгін Астана қаласында 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізіліп келе жатқан «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» Республикалық бейнесабақтар мен бейнеәдістер байқауының қорытындысы шығарылды

📆Бүгін Астана қаласында 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізіліп келе жатқан «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» Республикалық бейнесабақтар мен бейнеәдістер байқауының қорытындысы шығарылды.
🇰🇿Республикалық кезеңге 256 жұмыс өтті, оның 12-сін Солтүстік Қазақстан облысы ұсынды. Республикалық сарапшылар кеңесінің бағалауы бойынша облысымыздың педагогтары келесі бағыттар бойынша 5 жүлделі орынға ие болды:
🥇І орын:
– Экологиялық сауаттылық-Елена Мақажанова., «№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені»., Петропавл.қ.
🥈ІІ орын:
– Жаратылыстану сауаттылығы – Мұрат Ортамышев, «Қарақоға орта мектебі»., М.Жумабаев ауданы;
– Азаматтық-құқықтық сауаттылық-Алена Лось, «Заградовска орта мектебі»., Есіл ауданы.
🥉ІІІ орын:
– Цифрлық сауаттылық – Сергей Никулин., «Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей», Петропавл.қ.
– Денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық – Жадыра Қаржауова, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты., Петропавл.қ.
🎉«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз! Өрлеумен бірге биіктерге жетіңіз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар