15 тамызда, «Барлығына қолжетімді сапалы білім: мектептерді бірлесіп дамыту стратегиялары» тақырыбында маңызды тамыз конференциясының секциясы өтті.
Модераторлар: Жұманова Г. С., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының ШҚО бойынша директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты және Коваленко С. Н., ШҚО білім басқармасы «Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы «Örken» КММ басшысы.
Іс-шараға 56 қатысушы, соның ішінде мақсатты мектептердің директорлары, облыстық және аудандық әдістемелік орталықтардың әдіскерлері қатысты. Кездесу барысында «943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім беру мекемелерін дамытудың негізгі бағыттары, сондай-ақ жоба офисінің жоспарлары мен әдіскерлердің қолдауымен мақсатты мектептердің даму жолдары талқыланды.
Секция қорытындысы бойынша одан әрі жұмысты жетілдіруге ұсыныстар қабылданды. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары мен жемісті ынтымақтастықтары үшін алғыс білдіреміз!