Шебер-сынып «Информатика және физика пәндері бойынша күрделі есептердің шығару жолдары»

24 сәуір күні ZOOM платформасында физика және информатика пәндері мұғалімдеріне арналған «Информатика және физика пәндері бойынша күрделі есептердің шығару жолдары» тақырыбында шебер-сынып өткізілді. Шебер-сыныптың мақсаты: пән мұғалімдерінің есепті шығару дағдысын қалыптастыру. Іс-шара барысында мектеп оқушыларының олимпиада есептерін шығарудағы негізгі қиындықтары мен оның шешу жолдары қарастырылды. Физика пәні бойынша аға оқытушы Г.Батькаева «Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысын зерттеу», «Дененің көлбеу жазықтық бойынша қозғалысын зерттеу», «Термодинамиканың І заңын изопроцестерге қолдану» тақырыптары бойынша олимпиадалық есептерді шешудің тиімді әдістемесін ұсынды. Информатика пәні бойынша Г.Садыкова «Массивтер», «Екі өлшемді массивтер» тақырыбында Python бағдарламалау тілінде есептерді шешудің ерекшеліктерімен таныстырды. Шебер-сынып соңында қатысушылар тарапынан оң пікірлер айтылып, пән бойынша ұйымдастырылған шебер-сыныптың мұғалім тәжірибесін көтеруге үлкен әдістемелік көмек болатынын айтып, өз алғыстарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар