Орта білім беру ұйымдары мұғалімдерінің қатысуымен іс-шара өтті.

26 сәуір күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Тарих сабақтарында sоft skills дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында іс-шара болып өтті. Іс-шараны «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары А.Естемирова, Л.Кенжехожаева, Г.Қуанышбек ұйымдастырды. Іс-шараға орта білім беру ұйымдарының 30 мұғалімі қатысты.Мақсаты: 1. Тарих сабақтарында sоft skills дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру.2. Өмірлік дағдылар жайлы білімді толықтыру. Іс-шара барысында мұғалімдер заманауи трендтер мен инновациялық тәжірибені жүзеге асырудың тиімді жолдарын өз іс-тәжірибесіне қоса отырып, Soft skills дағдыларын сабақ үдерісінде игеру бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті. Тарих сабақтарында Hard skills дағдыларының маңыздылығын сақтай отырып, білім алушылардың бойында Soft skills дағдыларын дамыту бағытында сабақта тиімді әдістерді қолдану маңызды екеніне назар аударды. Іс-шараның соңында кері байланысқа шыққан педагогтер өз ризашылығын білдіірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар