Халықаралық фейл – конференция өтті

«Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты «Қателіктердің сабағы: білім беретін ортада психологиялық қауіпсіздікті қалай құруға болады?» атты фейл-конференция өтті.

Іс-шараның мақсаты – білім беретін ортада психологиялық қауіпсіздікті құру бойынша ашық түрде жинақталған тәжірибемен алмасуға жәрдемдесу және мұғалімдер арасында «ашық ойлауды» қалыптастыру.

Спикерлер өздерінің сәтсіздік тәжірибесін табысқа жетудің қозғаушы күшіне айналдыра отырып және өздерінің кәсіби қиындықтарын жеңуге көмектескен фейл-жағдайларымен бөлісті.

Фейл-конференция барысында Eduhub EECA – «Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға арналған білім беру хабы» коммерциялық емес ұйымының Басқарма Төрағасы (Грузия), ЮНЕСКО консультанты, халықаралық сертификатталған онлайн-курстарды әзірлеуші –  Виталий Никонович,

Йыхви қаласы гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі (Эстония),  Нарва мэрінің сыртқы байланыстар жөніндегі кеңесшісі – Вячеслав Коновалов,

Ташкент қаласындағы (Өзбекстан) Нордик Халықаралық университетінің оқытушысы – Авазбек Абдуллаев,

Бішкек қаласындағы №22 мектепке дейінгі білім беру ұйымының директоры, Қырғыз Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі жанындағы педагог кадрларды қайта даярлау республикалық педагогикалық кадрларды арттыру институтының аға оқытушысы – Индира Дууланова,

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы, кәсіби құзыреттілікті дамыту бойынша сарапшы – Райбек Сагадатов,

Қарағанды қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Амангельдинова Багдат,

Клиникалық психолог, Рональд Дэвистің халықаралық тәсілі бойынша лицензияланған әдіскер – Елена Данилова  әріптестерімен, оқушылармен қарым-қатынас арқылы білім беру ортасында жайлы психологиялық қауіпсіз орта құруда өздерінің фейлдары мен кейстерімен бөлісті.

Кері байланыс қорытындысы бойынша қатысушылар фейл-конференция жаңа мүмкіндіктер мен идеяларды ашуға – 77%, рефлексивті дағдыларды дамытуға – 62%, спикерлердің тәжірибесі арқылы кәсіби кедергілерді еңсеруге – 58%,  сәтсіздіктерді қабылдауға  – 48% ықпал еткенін атап өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар