Білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық жұмыстары жалғасуда

Бүгін Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында тірек мектеп директорлары мен балабақша басшылары бас қосты. Отырысқа Алматы облысы бойынша Талғар ауданы Кеңдала ауылының №42 мектеп директоры Айсара Абаканова, Талғар ауданы Қызылқайрат ауылы №19 көпсалалы мектеп-гимназиясының директоры Нұрбол Коншибаев, Талғар ауданы Еңбекші ауылы №39 мектеп директоры Меруерт Арынбаева, Талғар ауданы Бесағаш ауылы №28 мектеп директоры Роза Баракова, Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылы Ү.Кәрібаев атындағы орта мектеп директоры Оксана Асымханова, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы «Аққайың» бөбекжайы басшысы Қуаныш Жұмабекова, Қонаев қаласы «Ақдидар» бөбекжай-балабақшасының басшысы Наркес Сасенова және Қарасай ауданы Қырғауылды ауылы «Ақ көгершін» балабақшасы меңгерушісі Гүлсара Тоқторбаева қатысты.

Кездесу барысында Алматы облысы бойынша тірек мектептер мен балабақшалармен ғылыми-әдістемелік жұмыстарды, курстан кейінгі қолдау, курсаралық жұмыстарды жүзеге асыру бойынша жоспарлар талқыланды. Институт директоры Қайсар Нұрлыбаев тірек мектеп және балабақшалармен алдағы уақытта жүргізілетін жұмыс жоспарларымен танысып, педагогтердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарастырды.

Іскерлік қатынастарды орнату және өзара тиімді серіктестікті дамыту мақсатында кездесудегі әрбір білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы Меморандум жасалып, қол қойылды. Екіжақты келісім негізінде педагогтердің құзыреттілігін арттыруда іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар