2024 жылдың 30 – 31 қазан аралығында «Топ құру және цифрлық сауаттылық бойынша педагогтердің кәсіби дағдыларын дамыту» тақырыбына «жайлы» мектептептердің басшылары мен педагогтеріне арналған тренинг өтті.
Мақсаты: жайлы мектептердің педагогикалық ұжымына ұйымшылдықты, бір-біріне деген сенімділікті және оқу үдерісінің сапасын арттыру үшін топ құру қағидаттарын енгізу.
Іс-шараның екінші күнінде қатысушыларға Microsoft 365 қызметтерін онлайн форматта қолдану бойынша вебинар ұйымдастырылды:
- М365 Teams (командалық жұмыс)
- М365 Outlook (пошта)
- М365 OneDrive (қор)
- М365 Forms (сұрақ құрастыру)
- М365 Booking (іс-шараларды жобалау)
- М365 Planner (мақсатарды қою)
Вебинар соңында педагогтер Өрлеу LMS платформасына тіркеліп, пәндік және әлеуметтік-эмоционалды дағдылары бойынша диагностикадан өтті.
Іс-шараның қорытындысы ретінде мұғалімдермен кері байланыс жасалып, күәліктер тапсырылды.










