Ынтымақтастық туралы меморандумды дамыту шеңберінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы филиалда ұйымдастырылатын біліктілікті арттыру курстарында дәріс оқуда. Аталмыш жоғары оқу орнының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Айгульден Тогайбаева филиалда ұйымдастырылған «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсында дәріс оқуда. Курс барысында тыңдаушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтіп, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу технологияларын қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Курс спикеріне және №3 орта мектеп әкімшілігіне ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз.
- 31 Қаң
- 2024