СҚО облысында «Біртұтас команда – жайлы мектеп» семинар-тренингі өтті

Бүгін Петропавл қаласындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №28 жалпы орта білім беретін мектептің 34 педагогі үшін «Біртұтас команда – жайлы мектеп» семинар-тренинг өтті. Іс-шара мектептің жаңа педагогикалық құрамының тиімді командалық жұмыс дағдыларын дамыту, команданы біріктіру және командалық рухты қалыптастыруға бағытталды.

Тренингтің алғашқы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО бойынша КДИ» директоры Альмагамбетова Лейла Сериковна, директордың орынбасары Кабдирова Айнагуль Амангельдиновна және №28 мектептің директоры Жаканова Гульжан Шамильевна қатысты.

Тренингтің ерекшелігі қатысушылардың атқаратын лауазымдарына қарамастан теңдігі болды. Басшылар мен педагогтер командалық өзара іс-қимылды нығайтуға және кәсіби дамуға ынталандыруға ықпал еткен тренерлер ұсынған міндеттерді тең дәрежеде шешті.

Тренингті «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО бойынша КДИ» педагогика және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушылары Кабденова Алима Казбековна, Джаксалыкова Асель Сарымовна, Кшеминская Любовь Станиславовна өткізді.

Тренинг «Мен де сен сияқты» жаттығуынан басталып, қатысушылардың бір-бірімен жақынырақ танысуына ықпал етті. Қатысушылар тренинг барысында Реймонд Белбиннің командалық рөлдер теориясымен танысып, тәжірибеде «Командалық лабиринт», «Тарсия» және кейс әдістері арқылы қолданды.

Тренингтің соңғы кезеңінде педагогтер тренингтен алған әсерлерімен бөлісті. Мектеп педагогтері алған білім мен дағдылардың маңыздылығын атап, жаңа тәсілдер жайлы білім беру ортасын құруға көмектесетінін белгілеп өтті.

Семинар-тренинг ертең онлайн режимінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті, «Өрлеу» БАҰО» АҚ, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының қатысуымен жалғасады. Барлық қатысушыларға белсенділігі мен ашықтығы үшін алғыс айтамыз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар