PISA халықаралық зерттеуіне дайындық

2022 жылдың 25 ақпанында Ақмола облысы бойынша “Өрлеу” филиалы Сандықтау ауданының білім бөлімімен бірлесіп Сандықтау ауданы мектептерінің педагогтары үшін «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. PISA халықаралық зерттеуіне дайындық» атты бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелерін талқылаудан, оқушылардың оқу және математикалық сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмаларды шешудің түрлі нұсқаларын талдаудан, тапсырмаларды құрастыру бойынша оқыту тренингтерінен тұратын оқыту семинарын ұйымдастырды. Филиал кафедрасының аға оқытушылары Ботагөз Алькенова, Валентина Хасеинова, Айгүл Жұманбаева, Ботагөз Дигенова гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық цикл педагогтарымен практикалық сабақтар өткізді. Семинар қорытындысы бойынша диагностикалық және талдамалық материал педагогтарды оқыту сапасын арттыру мақсатында кафедра отырысында қаралады.

Наши филиалы

Біздің филиалдар