Ағылшын тілі мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы филиалында «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының Қазақстанның ағылшын тілі мұғалімдерін үздіксіз кәсіби дамыту жөніндегі Британ кеңесімен бірлескен Пилоттық жобасының бірінші ағымының қатысушыларымен кездесу өтті.  

Дөңгелек үстел басында бетпе-бет қатысушылар мен сырттай қатысушылардың онлайн-қосылумен қала және облыс білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп басшылары мен директорлар орынбасарлары және әрине – ағылшын тілі мұғалімдері жиналды. Олар жобаға қатысқандар және жобаны 2022 жылдың қаңтар-наурызында күтілетін екінші ағымда өтуді жоспарлап отырғандар.

 Кездесуде сөз алған фасилитаторлар мен модераторлардың пікірлері, жобаның алғашқы қатысушыларының пікірлері әлемдік стандарттарға сәйкес кәсіби шеберлікті арттыруды таңдаған көптеген ағылшын тілі мұғалімдері үшін қозғаушы күш болды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Нұрсұлу Сүлейменова мен Қостанай облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Алена Мальгаеваның іс-шараға қосылуы педагогтердің кәсібилігін арттыру және олардың әлемдік стандарттарға сәйкестігі туралы айтуға мүмкіндік беретін танымал халықаралық компаниялармен серіктестікте жобаларды іске асырудың нақты мүмкіндігін көрсетті.

Наши филиалы