Халықаралық әдістемелік орталығы қатысушыларымен кездесу

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалы директоры М.Слесарь  «Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасыр дағдылары» Халықаралық әдістемелік орталығы қатысушыларымен онлайн кездесуге қатысты.

Кездесуге Омбы облысының Білім беруді дамыту институты директоры Т.С.Горбунова, ұйымдастыру-әдістемелік қызмет және сыртқы байланыстар жөніндегі проректор – Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігін үздіксіз арттыру орталығының жетекшісі Мария Казакова,  «Тюмень облысы мемлекеттік аймақтық білім беруді дамыту институты» ҚББ ББМ оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Марина Кускова, Ресей Федерациясы Білім Министрлігі Академиясының журналисі Борис Старцев қатысты.

Марионелла Васильевна халықаралық ынтымақтастықтың тек облысымыздың ғана емес, жалпы еліміздің педагогтері үшін маңыздылығы туралы айтты. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Омбы облысының білім беруді дамыту институтымен бірлескен жұмысы бір жылдан астам уақыттан бері жалғасып келеді, бұл мұғалімдер үшін халықаралық педагогикалық тәжірибеге қол жеткізуге кең жол ашады. Бүгінгі таңда ынтымақтастық жалғасуда, жаңа стратегиялар әзірленіп, бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарланған, ынтымақтастықтың міндеттері мен мақсаттары белгіленген.

Наши филиалы